Бағананы соғып, ізін суытқан: Атырауда жүргізуші бейнекамера арқылы анықталды

26 қыркүйек күні Атырау қалалық полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз автокөлік Байтақ-2 және Ниязов көшелерінің қиылысында орналасқан электр жарығы бағанасын соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Іздеу жұмыстары барысында қала аумағындағы бейнебақылау камералары арқылы жол-көлік оқиғасына қатысы бар автокөлік анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлерімен тексеру нәтижесінде JETOUR және Mercedes маркалы автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны және жүргізушінің полицияға хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалғаны белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі және 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасақталып, көлік арнайы тұраққа қойылды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT