Атырауда патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігіне қатысты тұрғындарға түрлі сұрақтар қойып, ашық микрофон ұйымдастырды.
Жол қауіпсіздігі дегеніміз не? Ережені сақтау — міндет пе, әлде мәдениет пе? Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін не істеу керек? Тұрғындар осы және өзге де сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Ал робот-полиция шараға ерекше сән берді. Белсенді қатысқан тұрғындарға патрульдік полиция қызметкерлері жемістер мен тәттілер табыстады.
Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Жол ережесін сақтап, өз өміріңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қараңыз!




