Атырауда 23 қазан күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірқатар дерегі анықталды.
Елшібек мөлтек ауданы аумағында «Nissan Almera» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны анықталды.
Сонымен қатар, қала аумағында бірнеше жүргізуші қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, бұрылыс жасағаны үшін тоқтатылды.
Аталған деректер бойынша әкімшілік шара қолданылып, сот қарауына жолданды.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болыңыздар. Өз қауіпсіздіктеріңіз бен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар!




