24 қазан күні Атырау қаласындағы сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы Жанболатұлы Мейрамбек қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Қоғамдық орында болған ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген.
Түскен арыз бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтап, оны полиция басқармасына жеткізді.
Жанболатұлы Мейрамбекке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралғанға дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: бұзақылық әрекеттерге, айналадағыларға құрметсіздік танытуға және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
В Атырау за нарушение общественного порядка в торговом доме задержан 21-летний мужчина
24 октября в одном из торговых домов города Атырау 21-летний Жанболатұлы Мейрамбек совершил действия, нарушающие общественный порядок и спокойствие




