Атырауда рейд кезінде 6 есірткі жарнамасы жойылды

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және ПД Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері «Тәуелсіз өмір» жобасы аясында «Жас қорғау» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбаларды анықтап, жою бойынша рейдтерді жалғастыруда.

Іс-шара қаладағы жеке сектор аумақтары мен көпірлер маңында жүргізіліп, 6 наркограффити жазулары анықталып, жойылды. 

Сондай-ақ, есірткі қылмысының алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Есірткіге қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда, 8 700 499 01 02 анонимді сенім телефонына хабарласуға болады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT