Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі анықталды

Атырауда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 282 дерегі анықталды.

Бұдан бөлек, ортақ паи‌даланылатын орындарды ластаудың 314 дерегі тіркелді. Барлық дерек бои‌ынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

 Мәселен, 21 қазан күні сағат 12:45 шамасында Атырау қаласындағы А.Пушкин көшесінде 1985 ж.т. ер адам көше бои‌ына қоқыс қалдықтарын шығарып, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған.

 

❗ Полиция ескертеді!

 

Қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәи‌кес әкімшілік жауапкершілік көзделген

 

Азаматтарды тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауға шақырамыз. 

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT