Республика күні қарсаңында Атырау қаласы Полиция басқармасында ішкі істер органдарының ардагерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынның мол тәжірибесін жас қызметкерлерге жеткізу, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және қызметтік жауапкершілігін нығайту.
Кездесу барысында ардагер полиция қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жас қызметкерлерге қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, заң талаптарын қатаң сақтау және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту жөнінде ақыл-кеңесін берді.
Өз кезегінде, жас полиция қызметкерлері ардагердің өнегелі әңгімесін тыңдап, кәсіби қызметке қатысты маңызды мағлұматтар алды. Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас мамандарды Отанға адал қызмет етуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жоғары жауапкершілік танытуға тәрбиелейді.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП




