Ақтөбе қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Аслан Есентаев - жас мамандардың кәсіби әрі адамдық ұстанымының қалыптасуына ерекше мән беретін батальон командирі.
Биылдың өзінде батальон қызметкерлері пара ұсыну деректері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына төрт рет хабарлаған. Нәтижесінде үш адам ұсталды. Аслан Есентаевтың өз еңбек жолында да батылдық пен жауапкершілік сыналған сәттер аз болмаған. 2016 жылы полиция сержанты болып жүрген кезінде екі қарулы қылмыскерді залалсыздандыру барысында ерлік көрсетіп, III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Бүгінде ол қызмет барысында жинаған тәжірибесін кейінгі буынмен бөлісіп, жас полицейлерге заңды берік ұстанып, қызметтік антқа адал болудың мәнін түсіндіріп келеді.
#АНТҚААДАЛ
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ



