26 адам электронды білезікпен бақылауда

Аудандық пробация қызметі бөлімі мен аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп «Пробация» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты пробация есебінде тұрған сотталғандардың сот жүктеген міндеттерді сақтауын бақылау, олардың мінез-құлқын зерделеу, құқық бұзушылықтың және қайталама қылмыстың алдын алу. Іс-шара барысында пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Заң талаптарын сақтау, белгіленген шектеулерді бұзбау, қоғамдық тәртіпті сақтау және сот жүктеген міндеттерді мүлтіксіз орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар электронды бақылау құралдарының техникалық жағдайы тексеріліп, олардың дұрыс пайдаланылуына ерекше назар аударылды.

Атап өткен жөн, қазіргі таңда ауданымызда 26 сотталған азамат электронды бақылау білезігімен бақылауда. Бұл құрылғы пробация қызметіне есептегі тұлғалардың қозғалысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Егер сотталған белгіленген аумақтан шығып кетсе, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайын рұқсатсыз тастап кетсе немесе электронды білезікті шешуге, бүлдіруге әрекет жасаса, жүйеге бірден дабыл сигналы түседі. Мұндай жағдайда пробация инспекторлары азаматпен дереу байланысып, қажет болған жағдайда тұрғылықты мекенжайына барып тексеру жүргізеді. Электронды бақылау жүйесі тек сотталғанның қозғалысын қадағалап қана қоймай, пробация қызметінің тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береді. Инспекторлар жоспарлы түрде құрылғының бүтіндігін, бекітілуін және зарядталуын тексеріп, есептегі азаматтарға электронды бақылау құралын дұрыс пайдалану тәртібін және сот белгілеген міндеттердің маңызын түсіндіреді. Электронды білезікті рұқсатсыз шешу, бүлдіру немесе оның жұмысына қасақана кедергі келтіру заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады және мұндай жағдайда сотталған азаматқа қатысты заңда көзделген қатаң шаралар қолданылады. Іс-шара барысында бірқатар құқық бұзушылықтар да анықталды. Бұл туралы газетімізге берген сұхбатында аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы, аға инспектор, әділет лейтенанты Айсана Айдарбекқызы мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты есептегі азаматтарды жауапкершілікке тәрбиелеу, олардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

 Шара барысында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді. Олардың сот жүктеген міндеттерді орындауы, күн тәртібі және жалпы мінез-құлқына бақылау жүргізілді. Анықталғандай, екі сотталған азамат белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмады. Бұл, әрине, заңға өте қайшы әрекеттердің бірі. Олардан түсініктемелер алынып, пробация талаптарын қатаң сақтау жөнінде ресми ескертулер берілді. Сонымен қатар пробация есебінде тұрған бір азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабының 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының бұзылуы)және 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қазіргі таңда пробация қызметінде электронды бақылау жүйесі кеңінен қолданылуда. Аудан аумағында есепте тұрған бірқатар сотталған азаматтарға электронды білезіктер тағылған. Бұл құрылғы олардың қозғалысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Егер сотталған белгіленген аумақтан шығып кетсе, түнгі уақытта үйінен рұқсатсыз кетсе немесе электронды білезікті шешуге, бүлдіруге әрекет жасаса, жүйе автоматты түрде дабыл сигналын береді. Мұндай жағдайда пробация инспекторлары дереу әрекет етіп, азаматпен байланысқа шығады немесе оның тұрғылықты мекенжайына барып тексеру жүргізеді. Электронды бақылау құралдары сотталғандардың заңмен белгіленген шектеулерді сақтауын қамтамасыз ететін тиімді тетік болып табылады. Сонымен қатар инспекторлар жоспарлы түрде есептегі азаматтардың үйлеріне барып, білезіктің бүтіндігін, бекітілу жағдайын және құрылғының жұмыс істеу қабілетін тексереді. Әрбір азаматқа электронды бақылау құралын күтіп ұстау тәртібі және сот жүктеген міндеттерді орындаудың маңыздылығы түсіндіріледі. Мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда сотталған азаматқа қатысты жауапкершілік қатаңдатылып, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Пробация қызметінің басты міндеті сотталған азаматтардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Осы бағытта профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар есептегі азаматтарға тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қоғамға бейімделуіне, тұрақты жұмысқа орналасуына, жауапкершілік сезімін қалыптастыруына және салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай кешенді жұмыстар олардың қоғамға қайта бейімделуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді»-деді А.Айдарбекқызы.

 А.Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT