1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды

Мемлекет ұстанып отырған «Заң мен тәртіп» қағидасы әр баланың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуін қамтамасыз етуді басты мақсат етеді.

Осыған байланысты 2026 жылдың «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы деп жариялануы – қоғамның барлық мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені баланың құқығы мен амандығы – өркениетті қоғамның ең негізгі құндылықтарының бірі.

 

Осы бағытта студенттерге арналған «Бақытты балалық шақ» атты арт-терапиялық тренинг өтті. Шараның мақсаты – жастардың эмоциялық жағдайын жақсарту, ішкі күйзелісті азайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалық шақпен байланысты жылы естеліктер арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық және шығармашылық жаттығуларға қатысты. «Шаттық шеңбері» кезеңінде олар өз балалық шағындағы ең есте қалған бақытты сәттерін бір сөзбен сипаттап, қуаныш, достық, ойын , күлкі сияқты ұғымдар арқылы естеліктерімен бөлісті. Бұл бөлім топ ішінде жылы әрі сенімді атмосфера қалыптастырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT