Атыраулық спортшы Егор Белоусов Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасының сапында күміс жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандықтар жарыс қожайыны Жапония құрамасымен кездесіп, 7:24 есебімен жеңілді. Осылайша ұлттық құрама екінші орынға тұрақтады.
Егор Белоусов үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші жүлде. Ол бұған дейін құрлық додасында қола медаль еншілеген.
«Әрине, алтын үшін бардық. Дегенмен жақсы нәтиже көрсеттік. Бұған дейін үшінші орын алған едік, қазір екінші орынға көтерілдік. Келесі Азия ойындарында бірінші орын алуды жоспарлап отырмыз», – деді спортшы.
Айта кетейік, Егор Белоусов су добымен алты жасынан бастап айналысады. Алдағы уақытта ол Сербияда оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып, кәсіби шеберлігін арттыруды жоспарлап отыр.




