Құрманғазы ауданында өтіп жатқан «Lotus Fest-2026» фестивалі аясында жастар арасында спорттық бағдарлау жарысы ұйымдастырылды.
Шараны Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, оған Құрманғазы және Жылыой аудандарының жастары қатысты.
Қатысушылар арнайы карта арқылы белгіленген бағыттарды тауып, шапшаңдық пен бағдарлау қабілеттерін сынады. Жарыс барысында жастар командалық сайыста өзара бақ сынап, белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Құрманғазы ауданының командасы бірінші орынға ие болды.
Екінші орынды Жылыой ауданының командасы иеленсе, үшінші орын Құрманғазы ауданының тағы бір командасына бұйырды.



