Қазақстан Азия чемпионатын 49 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өткен су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Отандастарымыз құрлық біріншілігінде 49 медаль жеңіп алып, тек Жапония мен Қытай құрамаларына жол берді.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден арнайы трофейге ие болды. Бұл – ұлттық құраманың құрлықтық додадағы жоғары деңгейдегі өнерін айғақтайтын маңызды жетістік.

Азия чемпионатына құрлықтың үздік жас спортшылары қатысып, бірнеше жас санатында бақ сынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT