17–18 жас аралығындағы қыздар арасында 50 метрге шалқалай жүзу бойынша финалда жүлделер үшін тартыс аса тартысты өтті. Соңғы метрлерге дейін Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары қатар келе жатты. Күміс пен қола жүлденің тағдыры небәрі 0,07 секунд айырмашылықпен шешілді.
Атыраулық спортшы Дарья Чеснокова 29,78 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп өтіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ал Өзбекстан өкілі Паризод Абдукаримова 29,85 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды.
Мәреге жеткен сәт шын мәнінде тартысты өтті. Екі спортшы да жоғары шеберлік, жылдамдық және жеңіске деген жігер танытып, өз елдерінің жүлде қоржынына кезекті медаль салды.



