Құрманғазы ауданында өтіп жатқан Lotus Fest фестивалі аясында Lotus RUN марафоны ұйымдастырылды.
Спорттық шараға 100-ге жуық адам қатысып, олардың қатарында түрлі жастағы тұрғындар болды.
Марафонның ең жас қатысушысы 13 жаста болса, ең үлкен қатысушы — 82 жастағы ардагер Мадат Сәрсекеев.
Ардагердің айтуынша, ол фестивальдерге жиі қатысады. Бұл жолы да жастармен бірге жүгіруге арнайы келген.
«Жүгіру — денсаулыққа пайдалы. Сондықтан үнемі қозғалыста болуға тырысамын», — деді Мадат Сәрсекеев.



