Құрылтайға жүктелген міндет ауқымды

Қазір ел назарында тұрған маңызды саяси оқиғалардың бірі – Құрылтайдың алғашқы сессиясы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессия барысында жаңа конституциялық жүйеден туындайтын міндеттерге, заң шығару сапасына, қоғамның өзекті мәселелеріне және мемлекеттік басқарудағы өзгерістерге кеңінен тоқталып жатыр.

 

Президент сөзінің алғашқы бөлігінде жаңа Конституция талаптарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін алға шығарды. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа конституциялық жүйеге көшу барысында қабылданған заңдарды қайта саралап, олардың Ата Заң қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT