Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады.

Сапар барысында Президент ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Форум аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен өңіраралық байланыстарды дамыту бағыттары талқыланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT