Құрылтай сайлауы: әділдік пен ашықтық басты назарда

Құрылтай депутаттарының сайлау науқаны жалғасуда.

Сайлау – азаматтардың өз таңдауын жасап, мемлекеттік билікті заңды түрде қалыптастыруға және елдің дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс.

 Осыған орай өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында сайлау процесінің ашықтығы мен азаматтардың сайлау құқықтарын толық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Комиссия мүшелері сайлаудың заң талаптарына сай, әділ әрі ашық өтуі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтып, тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жиында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру процесіне кедергісіз қатысуына ерекше назар аударылды.

 Бұл үшін сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ымдау тілі мен Брайль қарпін пайдалану, сондай-ақ сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT