СОТ ШЕШІМІМЕН КЕЛІСПЕГЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Сот шешімімен келіспеу – жиі кездесетін жағдай. Алайда көптеген азаматтардың жіберетін басты қателігі: олар мәселені соттан тыс шешуге тырысып, әртүрлі мемлекеттік органдарға шағымданады. Бұл – қате тәсіл.
Қазақстан Республикасында сот билігі тәуелсіз. Ешбір мемлекеттік орган сот шешімін өзгертуге немесе жоюға құқылы емес. Мұндай өкілеттік тек соттарға ғана берілген және ол заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
Бірінші қадам - аппеляция
Егер соттың шешімі заңды күшіне енбесе, сіз апелляциялық шағым бере аласыз. Апелляция – істі қайта қараудың толыққанды сатысы.
Апелляциялық сот:
- істің мән-жайлары дұрыс анықталғанын;
- дәлелдемелердің әділ бағаланғанын;
- заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексереді.
Бұл кезеңде істің нәтижесін өзгерту мүмкіндігі бар.
 
Екінші қадам - кассация
Егер сот шешімі заңды күшіне енген болса, кассациялық тәртіппен шағым беруге болады. Бірақ кассация – істі қайта қарау емес, заң бұзушылықтарды тексеру құралы.
Кассациялық сот:
- елеулі процессуалдық бұзушылықтардың бар-жоғын;
- материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылғанын қарайды.
Ең жиі жіберілетін қателік кейбір азаматтар басқа мемлекеттік органдарға жүгінеді. Алайда:
- мұндай өтініштер істі қайта қарауға әкелмейді;
- сот шешімінің орындалуын тоқтатпайды;
- тек уақыт жоғалтуға себеп болады.
Нәтижесінде шағым беру мерзімі өтіп кетуі мүмкін.
Қандай әрекет жасау қажет?
Заң тұрғысынан дұрыс әрекет:
- апелляциялық шағымды уақытында беру;
- құқық бұзушылықтарды нақты көрсету;
- процессуалдық мерзімдерді сақтау;
- сот сатыларының айырмашылығын түсіну.
Егер сіз сот шешімін өзгерткіңіз келсе, заңда көзделген жолмен әрекет ету қажет.
 
Құқықтық  түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы
Айгуль Айдыновна Анжанова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT