Жаңа Қаратон кентінде Аналар кеңесінің жоспарына сәйкес 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №23 мектепте «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсат– бірлік пен татулықты насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру.
Кездесуге Ситникова Любовь Сергеевна, Булычева Надежда Николаевна, Валькаева Василя Анасовна және аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Абдигалиева Мадина Сабиржанқызы арнайы қатысты. Олар өз кезегінде жастарға елдегі ынтымақ пен келісімнің маңызын атап өтті.
Кеш барысында оқушылар өнер көрсетіп, қонақтарға кент әкімі атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
А. Махамбетова


