ҚҰЖАТТАҒЫ БІР МӘСЕЛЕ 20 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ӘСЕР ЕТТІ

Мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі заңнама талаптарына сәйкес көрсетілуі – қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды кепілі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Осындай жұмыстардың бірі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметіне қатысты болды. Атырау қаласы бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы қағаз нысанындағы әкімдік қаулыларында көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының қолы болмауына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы 20 қызмет алушының өтініштерін қарауды бір ай мерзімге тоқтатқан.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Департаменттің бастамасымен мәселені шешуге мүдделі тараптардың қатысуымен жұмыс тәртібінде жиналыс ұйымдастырылды. Оған жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының және Атырау облысы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында өтініштер жан-жақты зерделеніп, Атырау облысы Әділет департаменті өз құзыреті шегінде құқықтық ұстанымын білдірді. Нәтижесінде қараудан тоқтатылған өтініштерді қайта қаралып, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу құқығын қамтамасыз ету және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өтініштері қараудан тоқтатылған 20 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, олардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.
Бұл жағдай мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындаған мәселені жан-жақты зерделеп, мүдделі органдармен бірлесіп шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Департамент өз кезегінде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және мемлекеттік қызметтердің заңнама талаптарына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы : 
Жаскайратова Дана Нуроллаевна

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT