Атырауда қаланы дамытудың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы талқыланды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен жиын өтіп, онда Атырау қаласының қолданыстағы Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы қаралды. Талқылау кезінде Атырау қаласының даму перспективасына, халық санының өсімі мен қала аумағын кеңейтуге, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен қала құрылысына қатысты шектеулерді сақтауға қатысты мәселелер зерделенді.
 

Болат Ақшолақов су басатын аймақтардағы құрылысқа жол бермеу, жобада қаралған су бұру жүйесін қайта қарау жөнінде атап өтіп, заманауи қалалық орта мен қоғамдық кеңістіктер құруға, инженерлік коммуникацияларды дамытуға айрықша мән беруді тапсырды.

Аймақ басшысы жобаны жасақтаушыларға ескертулер мен ұсыныстарды қаперге алып, құжатты пысықтауды жүктеді.

Бұл жөнінде толығырақ Атырау облысы әкімінің сайтынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT