Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Атырау қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында полиция қызметкерлері жастарды заңды құрметтеуге, денсаулықты сақтауға және қоғам игілігі үшін еңбек етуге шақырды.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс пен өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін паш етті.
Спорттық қойылымдар мен қауіпсіздікке бағытталған көріністер ұсынылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара патриоттық әндер мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты
Айта кетейік, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясындағы іс-шаралар 26 маусымға дейін жалғасады.


