Атырау облысында жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында меморандумға қол қойылды

Атырау облыстық Жастар мәслихаты мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Атырау облыстық Жастар мәслихатының төрағасы Жанболат Ізімғұтов пен «Даму» қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Берік Қадыров қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – өңір жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, қаржылық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттандыру.

Келісім аясында жастарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізу, табысты кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ «Жастар кәсіпкерлігі мектебі» жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Аталған ынтымақтастық жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға, бизнес-идеяларын жүзеге асыруға және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тараптар бірлескен бастамалар арқылы өңірдегі жастар кәсіпкерлігін дамытуға және жаңа буын кәсіпкерлерінің қалыптасуына үлес қосуды көздейді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT