Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың басты кепілі – заң мен тәртіптің сақталуы. Заңға бағынған елде әділдік үстемдік құрып, азаматтардың құқығы қорғалады.
Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті.Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі заңды құрметтеген ұрпақ – ел болашағының берік тірегі.
Тәртіп – тәрбиенің бастауы. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытса, қоғамда өзара сыйластық пен сенім нығая түседі. Заң мен тәртіпке бағыну – өркениетті елдің басты белгісі.
Д.Ізбасар




