Тазалық – мәдениетті қоғамның басты белгісі. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан көлемінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Таза қоршаған орта – әр тұрғынның жауапкершілігі. Табиғатты қорғап, тазалықты сақтау арқылы туған өлкеміздің көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз.
Айдана Серікқызы



