Халқымыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаған. Айналаның таза болуы адамның денсаулығына ғана емес, қоғамның мәдениетіне де тікелей байланысты.
Осы орайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор деп есептеймін. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластануы әлемдік деңгейдегі мәселеге айналды. Пластик қалдықтар, тұрмыстық қоқыстар табиғатқа үлкен зиян келтіруде. Осындай жағдайда әр азаматтың экологиялық жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Акция аясында көптеген өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылып жатыр. Бұл – елдің бірлігі мен жанашырлығының көрінісі. Меніңше, тазалықты тек акция кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек. Әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі. Таза ортада өмір сүру – баршамыздың ортақ мақсатымыз.
Аймұрат Мейрамбекұлы, Жылыой ауданы тұрғыны




