Тазалық – мәдениеттің айнасы

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл игі шараға Бақсай ауылдық округінің тұрғындары да белсенді түрде атсалысып келеді.

Тазалық – тек сенбілік күндері ғана қолға алынатын жұмыс емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды, аулалар мен саябақтарды таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Себебі таза орта адамның денсаулығына оң әсер етіп қана қоймай, туған жердің көркеюіне де ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуда. Мұндай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, өскелең ұрпаққа үлгі болады.

Табиғат – келер ұрпаққа аманат. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, қоқысты белгіленген орындарға тастау, ағаш отырғызу және табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану әрбір азаматтың азаматтық борышы болуы керек. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюі өз қолымызда.

Таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен ұйымшылдығының көрінісі. Бірлесе еңбек етіп, табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстасақ, келешек ұрпаққа көрікті де жайлы мекен қалдырамыз.

Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT