Тазалық бәрімізге ортақ іс

Құлсары қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп, тұрғындар туған қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында қала аумағы ретке келтіріліп, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды.

Осындай ортақ шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Қаланың таза әрі жайлы болуы тек арнайы қызметтердің емес, әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты. Тазалықты бір күндік шарамен шектемей, күнделікті әдетке айналдырсақ, Құлсарының көркі де арта түседі.

 

Қ.Адинов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT