Теңізшевройл қызметі Жылыой ауданындағы ауа сапасына әсер ете ме? Осы сауалға ТШО-ның халықпен кезекті кездесуі барысында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығының (РҒЗО) мамандары жауап берді. Құлсарыда ТШО-ның дәстүрлі халықпен кездесуі өтті, онда өңірдің өзекті мәселелері, соның ішінде әлеуметтік жобалардың қызметі, «Игілік» бағдарламасының әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандарын салу барысы және басқа сұрақтар талқыланды.
Еске сала кетейік, мұндай Жылыой ауданының тұрғындарына арналған ашық кездесулер жылына 2 рет өтеді. Кездесуге Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова, ТШО өкілдері, ауданда өз жобаларын жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті белсенділер, сондай-ақ Құлсарының дамуына немқұрайлы қарамайтын, жанашыр барлық тұрғындар қатысты. Әдеттегідей ТШО өкілдері кездесуді әлеуметтік жобалар бойынша жаңартылған ақпаратын баяндаудан бастады. Биылғы жылы Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 20 жоба жүзеге асырылуда, олар 2026 жылдың ақпан айынан өз жұмысын бастап, тиісінше 2027 жылдың ақпанына дейін жалғасады.

Жұмыстың алғашқы жарты жылында көптеген жобалар өз нәтижелерін көрсетті. Сөйтіп, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағыттталған «Жарқыра» жобасы аясында жаңа бизнес-жобалардың арқасында шамамен 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, биыл халықтың көңілінен шыққан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы да жұмысын қайта жандандырды, оның аясында жергілікті тұрғындар компанияның қаржылай қолдауы арқылы өз күштерімен аулаларды абаттандырып, балалар мен спорт алаңдарын, және басқа нысандарды сала алады. ТШО өкілдері өз баяндамасында көгалдандыру тақырыбын да қозғады. Осылайша Құлсары қаласында 4,6 га, ал ауданның ауылдық округтерінде 12 га аумақ көгалдандырылды.

Сонымен қатар күзгі түгендеуден кейін, отырғызуға жауапты мердігерлік ұйымның күшімен қураған көшеттер жаңа көшеттерге ауыстырылатыны атап өтілді. Қоғам өкілдері өңірді көгалдандыру жобасын жетілдіру бойынша, яғни суару жүйесіне қатысты ұсыныстарын білдірді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Тандау» жобасының өкілдері де өз жетістіктерімен бөлісті. Еске сала кетейік, аталмыш жоба қатарынан 3-ші жыл жүзеге асырылып келеді. Халықтың ерекше қызығушылығын тәуелсіз атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы (РҒЗО) жүргізген атмосфералық ауа жағдайын зерттеу нәтижелері тудырды. РҒЗО өкілдері 3 жыл бойы (2023 жылы, сондай-ақ 2024-2025 жылдары) ТШО-ның өндірістік нысандарына жақын орналасқан елді мекендердегі ауа сапасын тексеріп, зерттеді. Өлшеулер әртүрлі елді мекендерде, жылдың әртүрлі мезгілдерінде және тәуліктің әртүрлі уақытында жүргізілді. 3 жылдық зерттеу барысында үлкен көлемдегі деректер жиналды.
Нәтижелердің көпшілігі белгіленген ауа сапасы нормативтеріне сәйкес келді және РҒЗО мамандары жиналған деректер бойынша, Жылыой ауданының тексерілген елді мекендеріндегі ауа сапасына ТШО нысандарының әсері тимейді деген қорытындыға келді. Тұрғындар жобаларды жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен жаңа идеяларын берді, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік, экологиялық жағдайы мен жұмыспен қамтуға қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Жалпы алғанда, мұндай халықпен кездесулер жергілікті билік, бизнес және халық өкілдері арасындағы конструктивті диалогқа және өңірдің дамуына ықпал ететінін атап өткен жөн.
ТШО баспасөз қызметі



