Ресми дереккөздерден алынған ақпараттарға қарағанда, биыл алғашқы тоқсанда Атырау облысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,6 трлн. теңгені құрады. Айта кету кету керек, оның басым бөлігі, яғни 2,3 трлн. теңгесі мұнай-газ өндірісінің үлесіне тиіп отыр.
Облыстық экономика және қаржы басқармасының мәліметінше, үш айда өңірде барлығы 10,9 млн. тонна мұнай мен 5,7 млрд.текше метр ілеспе газ өндірілген. Есепті мерзімде өңдеуші өнеркәсіп саласында да айтарлықтай өсімге қол жеткізілген. Нақтылай кетсек, мұндағы өнім көлемі 201,4 млрд. теңгені құрап, 8%-ға артқан. Сарапшылардың пайымдауынша, осының өзінен шикізаттық емес сектордың да әлеуетінің нығайып, үлес салмағының еселене түскенін аңғару қиын емес.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: egemen.kz




