«Келешек мектептері – ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған тәрбие жұмысының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған жиын өткізілді.
Жиын барысында жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық тәрбие мен заманауи білім беруді ұштастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары, оқушылармен және ата-аналармен өзара байланысты нығайту, мектептегі тәрбие ортасын жетілдіру бағыттары бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу барысында тәжірибелік ұсыныстар айтылып, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды ойлар ортаға салынды.



