«Келешек» мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Жылыой ауданында 1200 оқушыға арналған заманауи «Келешек» мектебі есігін айқара ашып, алғашқы оқушыларын қабыладады.

Мұнда биыл 42 мұғалім жұмысқа орналасып, 850 бала қабылданған. Олардың 114-і 1 сыныпқа қадам басты. Білім алушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған мектеп енді балалардың білім алып қана қоймай, шығармашылықпен айналысатын кең алаңға айналғалы отыр. 

        Білім ошағында 52 оқу кабинеті бар. Барлық кабинетке интерактивті тақта орнатылып, оқу үдерісі цифрландырылған. Оқушылардың игілігіне 133 компьютер мен 103 ноутбук берілген. Сонымен қатар, STEM және робототехника кабинеттері жұмыс істеп, мұнда дрондар мен 3D принтерлерді пайдалану арқылы оқушылардың IT және инженерлік дағдыларын дамытуға жағдай жасалған. Химия, физика және биология кабинеттері де қажетті зертханалық құралдармен жабдықталған.

 

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT