Дәстүрлі тамыз конференциясында Мемлекет басшысы білім беру саласының ел болашағындағы айрықша рөліне тоқталып, жаңа оқу жылына маңызды бағыттар айқындады.
Президенттің негізгі ұстанымы — білімді ұрпақ тәрбиелеу ғана емес, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заңды құрметтейтін, заманауи әрі бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыру.
Бүгінгі оқушыға сапалы білім беру, оның цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллектіні дұрыс әрі қауіпсіз қолдануға үйрету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру — жаңа оқу жылындағы маңызды міндеттердің бірі.
2026–2027 оқу жылында:
«Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» құндылықтары білім мазмұнына кіріктіріледі;
1–4 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект»;
5–11 сыныптарда «Информатика және жасанды интеллект» бағыттары жүзеге асырылады;
«Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп», «Жеке қауіпсіздік» бағыттары күшейтіледі;
аралық бағалаудың жаңа форматы енгізіледі.
Жаңа оқу жылы — жаңа міндеттер.
Жаңа міндеттер — жаңа мүмкіндіктер.
Келешек мектебі — келешекке бастар білім ордасы!



