Кәсіпкерлердің бірлігін арттырған...

Аудан әкімдігінің қолдауымен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Іскер әйелдер» кеңесінің ұйымдастыруымен экологиялық сенбілік-тимбилдинг болып өтті. «Қамыскөл – ортақ мұра: «Таза көл – таза болашақ» атты экологиялық шараның мақсаты аудан кәсіпкерлерінің басын біріктіріп, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру және кәсіпкерлердің бір-бірімен жақын танысып, тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Еркін форматта ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар ең алдымен командаларға бөлініп, оларға түрлі тапсырмалар берілді. Қолдарына түрлі түсті ленталар табысталған команда мүшелері Қамыскөл көлінің жағалауындағы қоқысты көптеп жинау керек болды. Ең көп қоқыс жинаған топ жеңіске жетті. Осындай тапсырмаға толы, бірнеше ойын түрі ұйымдастырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің ойын сергітетін, энергия алмасатын тренинг те тимбилдинг барысында жүзеге асты.

Кәсіпкерлерден бөлек шараға аудандық «Іскер әйелдер» кеңесінің төрайымы Ақмарал Халелова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы Мұрат Бахуов және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алдияр Мирамбаев қатысты. 

– Бұл бастаманың негізгі мәні – Қамыскөлдің жағалауын қоқыстан тазалап, табиғатқа жанашырлық таныту. Бұл жай сенбілік емес, бірлік пен жауапкершілікті, кәсіпкерлердің ортақ құндылықтарын дәріптейтін маңызды шара,-дейді аудандық «Іскер әйелдер» кеңесінің төрайымы А.Самиғоллақызы. 

Аудан экономикасын дамытып жүрген кәсіпкерлер тек Қамыскөл жағалауын тазалап қойған жоқ, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бастамашы болды. 

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT