Атырау облысында ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларының жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға өсіп, 47 млрд теңгеге жетті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңірде құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл құс саны 276 045 басқа жетіп, былтырмен салыстырғанда 27%-ға көбейді. Соның нәтижесінде жұмыртқа өндірісі де 15%-ға артқан.
Мал шаруашылығында да өсім сақталған. Ірі қара мал саны 260 мыңнан асып, бір жылда 5%-ға көбейді. Сондай-ақ қой мен ешкі саны 1%-ға, жылқы 7%-ға артса, түйе саны 46 200 басқа жетіп, 2%-ға өсті.



