«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласындағы Жылқышы Ізтұрғанов көшесі бойында орналасқан жағалау аумағын көгалдандыру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда арнайы техниканың көмегімен жерді тегістеу және аумақты көгалдандыруға дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда жасыл желек отырғызылып, тұрғындардың серуендеуіне қолайлы әрі жайлы демалыс аймағы қалыптастырылмақ.
Айта кетейік, Құлсары қаласын абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезең-кезеңімен жалғасып келеді.
А.Ерденқызы



