ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАСТАР

Мақат ауданында“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жауапкершілік сезімін арттыру.

Сенбілік барысында жастар тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, айналаны қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал етіп қана қоймай, қоғамда тазалық пен тәртіп мәдениетін нығайтуға да септігін тигізеді.Туған жердің көркеюі – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан тазалықты сақтау бір күндік науқанмен шектелмей, баршаның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

 

 MT

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT