Қала аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы дрон арқылы әуеден бақылауға алынуы – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етудегі тиімді шаралардың бірі.
Дронның көмегімен көзге бірден түсе бермейтін заңбұзушылықтар да анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау, аумақты ластау сияқты құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Яғни тазалық талаптарын елемеген азаматтарға заң аясында айыппұл салынып, тиісті шара қабылданады.
Сондықтан «ешкім көрмейді» деген түсінікке орын жоқ. Бақылау күшейтіліп келеді. Қаланың тазалығы тек арнайы қызметтің жұмысына емес, әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Тазалық – ортақ міндет. Қоқысты белгіленген жерге тастау – әрқайсымыздан басталатын қарапайым жауапкершілік.
Ә.Салимов



