«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек қоршаған ортаны тазарту шарасы ғана емес, әр адамның ішкі мәдениетін, жауапкершілігін көрсететін маңызды бастама деп ойлаймын.
Тазалық алдымен әр адамның өзінен басталуы керек. Егер біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, онда еліміздің де келбеті көркейе түседі.
Жеке тұлға ретінде мен бұл акцияны толық қолдаймын. Себебі табиғатты қорғау – болашақ ұрпаққа аманат. Қоқысты кез келген жерге тастамай, арнайы орындарға салу, айналаны ластамау – қарапайым, бірақ өте маңызды әрекеттер.
Осындай акциялар қоғамды біріктіреді, адамдарды ортақ іске жұмылдырады және экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Сондықтан әрбір азамат белсенділік танытып, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруы тиіс.
Анар Дүйсенбайқызы
Облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының маманы


