Бақылау жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған орай қала әкімі Қадіржан Адинов қала аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Атап айтқанда, қала басшысы салынып жатқан сквер құрылысына, ықшам аудандардағы автокөлік жолдарының құрылысына, жаяу жүргіншілер және веложолдарды жайластыру жұмыстарына, сондай-ақ қаладағы тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жүргізді.

Аралау барысында жауапты мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде аяқтау, қала аумағының тазалығын тұрақты сақтау және абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қала аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

А. Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT