Атырауда жіті ішек инфекциясына шалдыққандар саны былтырғымен салыстырғанда 45,8 пайызға азайды.
Биыл жыл басынан бері өңірде аталған инфекцияның 177 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, жаз мезгілінде ауа температурасының жоғары болуы инфекцияның таралу қаупін арттырады.
- Биыл жіті ішек инфекциясы балалар мен ересектер арасында өткен жылмен салыстырғанда азайды. Дегенмен тұрғындар сақтық шараларын ұмытпауы қажет. Егер іштің жиі өтуі, құсу, дене қызуының көтерілуі немесе іштің қатты ауыруы сияқты белгілер байқалса, бірден медициналық көмекке жүгінген жөн, - деді А.Нұрғалиева.
Сондай-ақ ол, жіті ішек инфекциясының алдын алу үшін қарапайым санитариялық талаптарды сақтау маңызды екенін жеткізді.



