Тәрбиешілер еңбегі елге танылды

Ауданымыздағы «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасының педагогтары кәсіби белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетіп, республикалық «Бала мен балабақша» педагогикалық басылымында жарық көрді. Бұл жаңалық ұжымның білім беру саласындағы тәжірибесінің мол екенін көрсетіп, кәсіби шеберліктерінің артқанын дәлелдеді.

Жарияланған еңбектерде тәрбиеші-педагогтар оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүрген заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді технологияларды жан-жақты сипаттап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ журналға балабақша меңгерушісі А.Дәрібаева, әдіскер Э.Әбілхайырова, саз жетекшілері Е.Нұғманова мен Ж.Корниенко, психолог Д.Естаева, сондай-ақ педагогтар А.Өтенова, М.Рысқалиева, Б.Шөменова, Ж.Ержанова, А. Құрмашева, Л.Айтбаева, Г.Оразымбетова, А.Жұбатырова, Ф.Қазбаева, А.Отарбаева, Р.Оразалиева, Ш.Дүбірова, М.Құсайнова, А.Масақбаева, Г.Нұрбаева, Г.Жалмақова, Ж.Әділова, Б.Оразова, А.Нұрболатова сынды ұстаздардың материалдары жарық көрді. Мақалаларда мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешудің тиімді жолдары тәжірибе негізінде ұсынылды. Бұл өз кезегінде педагогтар арасында тәжірибе алмасуға жол ашып, кәсіби ізденісті жандандыра түсті. Мұндай жұмыстар тәрбиешілердің шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, білім беру қызметінің сапасын арттыруға да оң ықпалын тигізері анық. Мақалалар арқылы педагогтар өз еңбектерін республика көлемінде таныстырып, кәсіби ортада өз орнын айқындауға мүмкіндік алды. Бұл жетістік – ұжымның бірлескен еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің, сондай-ақ сапалы білім беруге деген ұмтылысының нақты көрінісі десек артық айтқандық болмас.

Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT