Tүлектері оқушыларға бағыт-бағдар берді

Атыраудағы NIS-те түлектер Мадина мен Алинаның қатысуымен «NIS-тен Air Liquide-ке дейін: физика, химия және STEM-технологиялар болашақ мансапты қалай қалыптастырады?» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

 

Кездесу барысында оқушылар түлектердің NIS-тегі білім жолынан кейінгі академиялық және кәсіби тәжірибесімен танысып, университеттегі оқу барысы, ғылыми жобалары, тағылымдамалары және халықаралық компаниядағы кәсіби қызметі туралы құнды ақпарат алды.

 

Әсіресе химия пәні мен STEM бағыттарына қызығушылық танытқан оқушылар белсенділік танытып, мамандық таңдау, жоғары білім алу мүмкіндіктері, оқу бағдарламалары және болашақ мансапқа қатысты сауалдарын қойды.

 

Кездесу соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT