АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР YOUTH ECO CAMP TURAQTY JOL 7.0 ФИНАЛИСТЕРІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

2026 жылғы 31 шілдеде Narxoz University – ЮНЕСКО клубында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының көшбасшы білім беру бағдарламасы Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 финалы өтті.

Жеті күн бойы Алматы қаланың тұрақты дамуына үлес қоса алатын экологиялық шешімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін елдің ең талантты оқушыларын, жас инноваторларды, сарапшыларды, бизнес өкілдерін және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірген алаңға айналды.

Биыл Қазақстанның барлық өңірінен 400-ге жуық команда Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 бағдарламасына қатысуға өтінім берді. Байқау нәтижесінде үздік 18 команданың қатарына Атырау қаласынан қатысқан “Carbricks” командасы енді. Команда Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқушыларынан құралған. Қатысушылар өнеркәсіптік қалдықтар мен CO₂ пайдалана отырып, жаңа буын құрылыс блоктарын өндіруге бағытталған экологиялық жобаны ұсынды. Бұл технология қалдықтардың көлемін азайтуға, дәстүрлі цементті пайдалануды қысқартуға және көмірқышқыл газын құрылыс материалының құрамында бекітуге мүмкіндік береді. Осылайша жоба айналымды экономиканы дамытуға бағытталған практикалық шешім ұсынады.

Youth Eco Camp білім беру бағдарламасы 80-ден астам сағаттық қарқынды бағдарламаны біріктірді, оған дәрістер, шеберлік сыныптары, воркшоптар, менторлық сессиялар, жобалық жұмыс және бастамаларды қорғау кірді. Қатысушылармен танымал қазақстандық сарапшылар мен практиктер жұмыс істеді, олардың арасында Арман Сулейменов, Махаббат Есен, Дина Огай, Асель Бижанова, Стас Дубинчик, Улан Усенов, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің өкілдері және Нархоз Университетінің профессорлық құрамы болды. Финалистер тұрақты даму, ESG, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, коммуникациялар, көпшілік алдында сөйлеу және жобаларды басқару салаларында практикалық білім алды, сондай-ақ қорытынды презентацияларды дайындау кезінде менторлардың жеке қолдауын алды.

Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының Федерацияларының президенті Болат Ақшолақов: «Youth Eco Camp бағдарламасының басты құндылығы - жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, сарапшылар мен тәлімгерлермен бірге жұмыс істеп, өз идеяларын жетілдіре отырып, еліміз бен әлем үшін практикалық шешімдер ұсынуында. Осындай бастамалар стратегиялық ойлайтын, жауапкершілікпен әрекет ететін және тұрақты болашақ үшін шешімдер таба алатын жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдімін».

 Youth Eco Camp TURAQTY JOL жетінші жыл қатарынан Қазақстандағы экологиялық білім беру саласындағы ең ірі жастар алаңдарының бірі мәртебесін растап келеді. Бағдарлама оқушыларға өз экологиялық стартаптарын әзірлеуге көмектесіп қана қоймай, білім беруді, инновацияларды, технологияларды және әлеуметтік жауапкершілікті біріктіре отырып, болашақ ESG-көшбасшылардың қоғамдастығын қалыптастырады.

 «Осы аптаның ішінде біз қызықты жобаларды ғана емес, жарқын идеялары, әртүрлі дағдылары және жаңа нәрсені байқап көруге деген батылдығы бар талантты жастарды көрдік. Олардың идеялары, энергиясы және әрекет етуге дайын болуы Қазақстанның болашағы сенімді қолдарда екеніне сенім ұялатады. Chevron үшін жастардың әлеуетін ашуға көмектесетін, экологиялық сын-қатерлерге шешім іздеуге шабыттандыратын және өз идеяларын өмірге енгізуге алғашқы мүмкіндік беретін бастаманы қолдау - үлкен мақтаныш. Біз көптеген қатысушылар үшін дәл осы жерден үлкен өзгерістерге бастама жол басталады деп үміттенеміз», - деді Chevron Eurasia қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Жанар Қошпанова.

Бағдарламаның шарықтау шегі экологиялық жобаларды сарапшылар алқасының алдында қорғау болды. Бағалау қорытындысы бойынша Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 жеңімпазы және I орын иегері Алматы қаласының EcoStep командасы атанды. II орынды Орал қаласының MineSafe командасы, ал III орынды Өскемен қаласының EcoCatalyst City командасы иеленді. Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 байқауының жалпы жүлде қоры 5 000 000 теңгені құрады.

«Біз үшін Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 жобамызды тәжірибе жүзінде сынап, кәсіби кері байланыс алуға мүмкіндік берді. Осы бір апта ішінде экологиялық мәселені технологиялық шешімге айналдыруға болатынын түсініп, “Carbricks” жобасын одан әрі дамытуға көмектесетін жаңа білім алдық. Сарапшылар мен тәлімгерлермен жұмыс істеу біз үшін ерекше құнды болды. Олар жобаға жаңаша көзқараспен қарап, оның әлеуетіне сенуге көмектесті», - деді Carbricks командасының мүшесі, Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқушысы Рамина Досжан.

 Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы мен NarXoz University – ЮНЕСКО клубының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады. Бас серіктес

 – ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес - Chevron компаниясы. Бастама Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Жобаның ақпараттық серіктестері: The Steppe және Orkenlink.

TURAQTY JOL жобаны жүзеге асырудың жеті жылында 18 000-нан астам жас қатысушыны біріктірді, жастар инновациялық компонентіне қатысуға 5 500-ден астам өтінім алды және жалпы сомасы 35 миллион теңгеге экологиялық бастамаларды қаржыландыруды қамтамасыз етті. Бүгінде TURAQTY JOL экологиялық сын-қатерлерге практикалық шешім ұсынуға дайын жастарға мүмкіндіктер жасауды және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуды жалғастыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT