Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында №48 «Келешек» мектебінің ағылшын тілі бірлестігінің ұстаздары кезекті жұмысын бастады.
Педагогтер алдағы оқу жылына тың серпінмен кірісіп, жаңа жоспарлар мен бастамаларды талқылады.
Бірлестік мүшелері оқу үдерісін заманауи әдістермен ұйымдастыруға, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады. Сонымен қатар жаңа жобалар мен қызықты іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Келешек» мектебі – сапалы білім мен жаңашылдықты ұштастыратын білім ордасы. Мұнда әрбір оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасалып, ағылшын тілін еркін меңгеруіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңа оқу жылында ұстаздар қауымы оқушылармен бірге жаңа белестерді бағындырып, білім мен жетістікке жету жолында аянбай еңбек етуді мақсат етеді.



