«Келешек мектептерінің» тәжірибесі еліміздің барлық мектептеріне енгізіледі

Ұлттық жоба аясында ашылған мектептер тек жаңа ғимараттар ғана емес, білім берудің жаңа моделін қалыптастыратын орталықтарға айналып келеді.

Бұл мектептерде басқарудың заманауи тәсілдері енгізіліп, директорларды іріктеу, педагогтерді жұмысқа қабылдау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жаңа талаптарға сай ұйымдастырылады. Сонымен бірге оқыту процесінде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып, оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше мән беріледі. Жоба аясында қалыптасқан үздік тәжірибе алдағы уақытта еліміздегі басқа мемлекеттік мектептерге де кезең-кезеңімен енгізіліп, қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге негіз болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT