Биыл Атырау облысында 8 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Атырау облысында 8 мектептің алғашқы қоңырауы соғылады.

Жаңа мектептердің ашылуы білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Олардың қатарында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарындағы 600 орындық, Құлсары қаласындағы 1200 орындық мектеп пен Атырау қаласындағы 2000 оқушыға арналған BINOM SHOOL бар.

 

Сонымен қатар Көктем-2, Еркінқала-2 ықшаудандарында 600 орындық, Дамбы ауылында 300 орындық мектеп жұмысын бастайды. Ал Қызылқоға ауданының Жамансор ауылында 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат пайдалануға беріледі.

 

Сондай-ақ өңірде тағы бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бір нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Олардың құрылысын 2027 жылғы тамызда аяқтау жоспарланған. Ал Индер ауданындағы Қ.Есқалиев атындағы мектептің құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталды.

 

-Жаңа мектептердің іске қосылуы үш ауысымды оқытудың алдын алуға және мектеп орындарына деген қажеттілікті азайтуға мүмкіндік береді, – деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT