Атыраулық оқушы «Айбын-2026» жарысының халықаралық кезеңіне жолдама алды

Атыраудағы №50 «Келешек мектептері» жобасы аясындағы білім ордасының оқушысы Әсемай Қанатбаева «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынында үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық кезеңге жолдама алды.

Әсемай арқаға жатып денені көтеру сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, қалалық кезеңде І орынды, ал облыстық кезеңде ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, ол бұған дейін өткен «Айбын-2024» әскери-патриоттық жарысында әскерилендірілген кросс бойынша ІІ орын алған болатын.

Жас сарбаз әскери-қолданбалы спортпен белсенді айналысады. Ол күн сайын дене дайындығын шыңдап, АК-74 оқу қаруын бөлшектеу-жинақтау бойынша жаттығулар жасап келеді. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында Әсемай мектеп намысын түрлі жарыстарда сәтті қорғап жүр.

Қазіргі таңда ол Бурабайда өтетін халықаралық кезеңге дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT