Жанары көрмесе де...

13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Біз өмір сүріп жүрген ортада жанары көрмесе де, өмірге құштар жандар аз емес. Соңғы зерттеулер бойынша қайырымды елдердің үздік 5-тігіне Индонезия, Жаңа Зеландия, Кения, Америка Құрама Штаттары енген. Ал Қазақстан 140 мемлекеттің ішінде әлем бойынша 87-орынға тұрақтаған.

Шіркін, біз қайырымдылық көрсетуден алғашқы орындарда тұрсақ игі еді деген ой оралды. Өйткені елімізде жан жылуын керек ететін жандар жетіп артылады. Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты «Мөлдір көз» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Көз жанары» корпоративтік қорының Жылыой ауданы бойынша филиалымен бірлесіп, «Әлемге жарық сыйлаймыз!» атты қайырымдылық кешін ұйымдастырды.

Бұл шара ауданымыздағы Тоқсанбай Құлтумиев атындағы саз мектебінің балалар хорымен бастау алып, әдемі әндермен жалғасын тапты. Арнайы шақыртумен келген Асқар Ғали, Марат Бегежанов, Бектас Есімов әсем әндерін кеш қонақтарына тарту етті. Лицей-интернаттың 10-сынып оқушысы, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысының ІІ орын иегері, жас ақын Ернұр Исахаев өзінің арнауын орындады. Сонымен қатар лицей оқушылары Жандарбек Темірқанат «Әлқисса», Ескендір Зұлхарнайын «Сүгірдің термесін» орындап, көрермендерді бір серпілтіп тастады.

Кеш қонақтары Мансұр Ысқақ, Айдана Әлиева, Жайнагүл Баймешова әннен шашу шашып, көрермендердің жанарын жасқа толтырды. Әдемі кеш лицейдің 7-сынып оқушысы Сансызбай Сайрамбектің «Жасай бер, қазақ!» әнімен қорытындыланды. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға атсалысқан лицей директоры Сәкен Талдахметов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Мұқанова, «Мако» ЖШС басшысы Құлғазиев Келбатыр, жеке кәсіпкерлер Аяжан Рахимберлина мен Серік Рахимберлин, Т.Құлтумиев атындағы саз мектебінің ұжымы «Мөлдір көз» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Жолдас Ғұмаровтың және «Көз жанары» корпоративтік қорының Жылыой ауданы бойынша филиалының алғысхатымен марапатталды.

Ж.Шаңқанова

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl